Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді. Бұған мекеме басшылығының оған жеңілдік жасамауы себеп болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда көтермелеу шаралары қолданылмайды.
"Бұл сотталушы бір рет заң бұзғанын ескере отырып, сот сотталушының шағымын қанағаттандырмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алайда Бишімбаевтың қандай заң бұзғаны айтылмады.
Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.