Михаил Шайдоров жаңа маусымды қола жүлдемен бастады

Михаил Шайдоров жаңа маусымды қола жүлдемен бастады
Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясындағы Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Михаил Шайдоров екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 272,75 ұпай жинады. Оның ішінде қысқа бағдарлама үшін 95,98 ұпай, ал еркін бағдарлама үшін 176,77 ұпай алды.

Турнир қорытындысында бірінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко иеленді. Ол 292,09 ұпай жинады. Күміс жүлде 278,80 ұпаймен италиялық Даниэль Грассльге бұйырды.

Айта кетейік, Memorial Ondrej Nepela турнирі Михаил Шайдоровтың Италиядағы Олимпиада ойындарында тарихи жеңіске жеткеннен кейін қатысқан алғашқы халықаралық жарысы болды.