Сенбі күні, 8 тамызда Шалқар ауданының орталығында той өткен. Тойдан кейін жанжал шығып, төбелес кезінде қонақтардың бірі қаза тапқан. Марқұм 26 жаста болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Дипазон" басылымының жазуынша, Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.