Салық органдары қымбат фитнес клубтар мен ресторандардың соңына түсті

Салық органдары қымбат фитнес клубтар мен ресторандардың соңына түсті
Dalanews.kz

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті нақты шығын мен кірісті салыстыру мақсатында ірі премиум санатындағы фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеруді бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір мемлекеттік бюджетке 27 млрд теңгеден аса салық төленген:

  • Оның ішінде құрылыс компанияларынан – 16,5 млрд теңге;
  • Сауда ұйымдарынан - 2,8 млрд теңге;
  • Қызмет көрсету саласы бойынша – 2,1 млрд теңге;
  • Басқа салалардан – 5,6 млрд теңге түсті.

"Бұл ретте осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

28 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов кәсіпкерлерден екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруды және шынайы салық сомасын төлеуді сұрады.