Оларды қаратса, оларға еліктеген қалың жастарды оңай қанжығаларына байлайтындықтарын жақсы түсінеді. Олармен жұмыс істеудің түрлі жолдарын меңгерген. Сəйгүлік мінгізіп, бүркіт сыйлайды. Сəлəфи сеніміндегі əдемі қызбен үйлендіреді.
Жұмыссыз жүргендерін айлыққа байлайды. Жұмысқа тұрғызады. Əлеуметтік желіде жарнамасын жасап, көңілдерін қош етеді. Сайт ашып береді.
Құрығы ұзын, жоғарғы жақтағы билік өкілдері немесе қалтасы қалың кəсіпкерлері арқылы арзан бағамен баспана мəселесін шешіп тастайды. Тендер алып береді. Спортшыға спортшыны, əншіге əншіні, кəсіпкерге кəсіпкерді, журналистке журналисті салады.
Тіпті есерсоқтарды да тиімді пайдаланып, ұнамағандарына айдап салып, қоқаң-лоқы жасатып отырады.
Қайрат Жолдыбайұлының фэйсбуктағы парақшасынан