Сәкен Майғазиев: «Мәдениет министрі болғым келеді»

Dalanews 28 қыр. 2016 16:31 898

Жуырда әнші Сәкен Майғазиев журналистер «жаудырған» түрлі сауалдарға жауап берді. Бір сөзінде ол өзге әріптестері секілді депутат болуды көздемейтінін, алайда болашақта мәдениет министрі болғысы келетінін айтты, деп жазады Stan.kz.

Майғазиеhttp://stan.kz/в “Компромат” бағдарламасы барысында тележүргізуші Гүлбаршын Заированың «Жоғарғы жақтан бұйрық не ұсыныс түссе, депутат болуға келісесіз бе?» деген сауалына:

«Депутат болу үшін білім керек, ілім керек, сана керек. Сол себепті мен дайын емеспін деп ойлаймын. Өнер саласында қызмет атқарып жүргеннен кейін егер өнерге пайдаң тиеді деп өнер саласындағы қызметке шақыратын, ұсынатын болса, ойланар едім», – деп жауап берді.

Әншінің бұл сөзін назарға алған телепродюсер Гүлнұр Мамассарипова тосыннан «шабуыл» жасады. «Болашақта мәдениет министрі болғың келе ма?» деп сауал тастаған оған Сәкен Майғазиев ойланбастан: «Болғым келеді» деп жауап берді. Оның себебін былайша түсіндірді:

«Өзекті мәселелер өте көп. Ең алдымен, кеңесшілер қоғамын ұйымдастырған болар едім. Себебі эстраданы саралап, сараптау керек».

Одан кейін әнші ұстаздыққа қалай келгенін әңгімелеп берді.

«Өз басым эстрада және цирк колледжіне дәріс беруге шақыртылған кезде мен шынында ұстаз боламын, біреудің даусын қоямын деп мүлдем елестеткен жоқпын. Шынын айтқанда мені мәжбүрледі деп айтуға да болады. Бибігүл Нұрғалиқызы шақырып алып: «Неге сабақ бермейсің?» – деген кезде мен әлі өзімнің де үйренерім көп екенін айттым», – деді ол.

Сол кезде Сәкенге ренжіген Бибігүл Нүсіпжанова:

«Бар білетініңді үйретесің. Егер сен бас тартсаң, Медеу Арынбаев бас тартса, жастарға кім үлгі болып, сабақ береді?» – деп ренжіген екен. Майғазиев оған дейін Ержан Қосбармақовтың тарапынан ұстаздық етуге ұсыныс түскен кезде үзілді-кесілді бас тартқанын мәлімдеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар