Әлеуметтік желіде жеке бренд тақырыбында контент жасайтын Динара Мырзажанқызы әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның кәсібіне қатысты мәлімет бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, Әдия сән саласында кәсіп жүргізіп, Дубайдан абайка үлгісіндегі киімдерді Қазақстанға әкеліп сатумен айналысады.
Динара Мырзажанқызы жуырда Сәкен Майғазиевтің үлкен ұлы Әділеттің үйлену тойы өткенін де атап өтті. Оның сөзінше, Әділет 27 жаста, ал Әдия 20 жаста. Келін Маңғыстау өңірінің тумасы.
Контент авторы Әдияның әлеуметтік желідегі парақшасына назар аударып, оның эстетикаға, әдемілік пен нәзік стильге ерекше мән беретінін жазған.
"Парақшасынан эстетиканы, әдемілікті жақсы көретіні байқалады. Ал кәсібіне келсек, Дубайдан абайка киімдерін алып келіп, Қазақстанда сатып жүр", – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол Әдияның жеке және жұмыс парақшаларына шолу жасап, әлеуметтік желідегі стиліне қатысты пікірін білдірген.