Сағынтаев бизнес мәселелері бойынша кеңес өткізді

Dalanews 24 қар. 2017 10:52 892

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен еліміздің бизнес ахуалын жақсарту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып, Қазақстанның туризм саласын дамыту келешегі қаралды.

Талқылауға ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Т. Христеа, ҚЕБҚ атқарушы директоры Ю. Кусиди, директорлар кеңесінің мүшелері: ҚР және Орталық Азиядағы Ernst&Young басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, Air Astana президенті П. Фостер, Орталық Азиядағы Procter&Gamble директоры О. Воронова қатысты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар