– Министр Сағадиев Алматыға барып зиялы қауммен кездескісі келіп тұр деседі. Дұрыс, барсын, тыңдасын. Былтыр біз оны екі рет зиялы қауыммен бірге Алматыда күттік, екі рет дөңгелек үстел ұйымдастырдық, келмеді. Енді даудан кейін қимылдай бастады, жарайды, ештен кеш жақсы. Өзі барып зиялы қаумның пікірін біліп қайтсын, – дейді.
– Бірақ жолығатын зиялы қауым шынайы зиялы болсын, зиянды емес. Министр мырза Асқар Жұмаділдаевпен кездессін, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Талас Омарбеков, Мəмбет Қойгелді, Бейбіт Қойшыбаев, Софы Сматаев, – мықты ел ағаларымен кездессін. Дұрыс па?", – деп жазды ол.