Руслан Берденов пен Ернар Жиембай сот шешіміне шағымданды

Көркем Алдабергенова 02 қаз. 2025 15:02

Руслан Берденов пен оны атты деген күдікке ілінген Ернар Жиембай сот шешіміне шағымданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Апелляциялық сот  8 қазанда сағат 12.00-д Шымкент қалалық сотында өтеді. 

Әкімдік маңындағы атыс туралы

21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Артынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл іс бойынша басты күдікті Ернар Жиембай болды. Бұған дейінгі ашық форматта өткен алдын ала тыңдау кезінде судья Жиембайдың сот процесі барысында өзін түсіруге қарсы екенін жеткізді.

Кейінірек сот үкімі шықты. Ернар Жиембай 9 жылға сотталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар