Қостанай облысының Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқан азамат 56 жаста болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамды іздестіріп жатыр.
"Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаны анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.