Freedom Inside '26

Роман Скляр су тасқынынан зардап шеккен Красная поляна ауылы тұрғындарымен кездесті

Роман Скляр су тасқынынан зардап шеккен Красная поляна ауылы тұрғындарымен кездесті
Видеодан фрагмент

Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.