Риддерде үш жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған

Риддерде үш жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған
Фото: ЖИ

Риддерде үш жетім баланың тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылғаны анықталды. Олардың құқығы прокуратура тексерісінен кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Балаларды кезектен шығаруға олардың Риддерде уақытша тұрмауы және алғаш тіркелгенін растайтын құжаттардың жоғалуы себеп ретінде көрсетілген.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды. Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды", - делінген прокуратура хабарламасында.