Freedom Inside '26

Рейске мас күйде келген жолаушыға айыппұл салынды

Рейске мас күйде келген жолаушыға айыппұл салынды
pixabay.com
Ақтау әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді, деп хабарлайды Dala News.
 
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, «Ақтау – Алматы» бағыты бойынша ұшатын әуе рейсінен 36 жастағы Алматы тұрғыны түсірілген.
 
Тексеру барысында әйелдің рейске тіркелу кезінде-ақ мас күйде болғаны анықталды. Ол айналасындағыларға балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
 
Полиция қызметкерлері жолаушыны бөлімшеге жеткізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
 
Оған:
  • қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін;
  • ұсақ бұзақылық жасағаны үшін
25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
 
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері әуе кемелерінде 48 құқықбұзушылық тіркелген.
 
Олардың ішінде:
  • 31 жағдай – алкоголь ішу немесе мас күйде болу;
  • 8 жағдай – ұсақ бұзақылық;
  • 4 жағдай – бортта темекі шегу;
  • өзге де құқықбұзушылықтар бар.