Қаңтар айында "Бейбітшіліктің және бірліктің негізін қалаушы" және "Ұлт лидері" Эмомали Рахмон ұлын Тәжікстан астанасы Душанбе мэрі етіп тағайындаған. Отызға толмаған Рустам Эмомали ТМД елдері ішіндегі ең жас әкім болып саналады.
Оның әкесі, Тәжікстан президенті бір отырыс кезінде оған елді қалай басқару керектігі жөнінде бес кеңес берді. Бірінші кеңесі әрқашан талапшыл бол деді. «Тапсырған бұйрықтарыңның орындалуын қадағала. Сен жассың, өте жассың. Мен сенің жасыңда совхоз директоры болғам», - деді Эмомали Рахмон.
Ол әрі қарай әкімнің құзыреті жөнінде айтты. «Ешкім сені басып тастай алмайды. Кімді жұмысқа алу, алмау жөнінде бұйрық бере алмайды. Сол үшін де мен сені тағайындадым», - деп атап өтті Эмомали Рахмон.
Үшінші кеңесі, халық үшін бағаны төмендет деді. Президент Рустам Эмомалиді азаматтарға лайықты жұмыспен, қоғамдық көлікпен және электр жарығымен қамтамасыз ет деді.
Президенттің төртінші кеңесі: қарамағыңдағы адамдармен дөрекі сөйлеме, олармен мәдениетті тілде сөйлес.
Соңында президент мэрге бизнес өкілдерінің үйінде түскі ас ішуші болма деді. «Мейрамханаға барма. Жұмысшылардың, қарттардың және жесірлердің үйінде тамақ іш. Олар саған дастарханына барын қояды, мәз болады. Олар өзінің үйіне сенің селгеніңді мәртебе санайды», - деді Эмомали Рахмон.