Республика күні қазақстандықтар неше күн демалады?

Cағыныш Сардарова 08 қаз. 2025 09:32

Республика күні - Қазақстандағы басты ұлттық мереке. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданғаннан кейін бекітілді. 2022 жылдан бастап Республика күні ресми түрде демалыс күні болып белгіленген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылы 25 қазан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан демалады:

  • 25 қазан (сенбі);

  • 26 қазан (жексенбі);

  • 27 қазан (дүйсенбі).

Алты күндік жұмыс аптасы:

  • 25 қазан (сенбі) - демалыс күні;

  • 26 қазан (жексенбі) - демалыс күні;

  • 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар