Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда осы күнді Республика күні болсын дегенде меңзегені – Жаңа әрі әділетті Қазақстанды құрудағы бір қадам деп ұқтым. Яғни, Республика күні деген – демократия, құқық, зайырлылық ұстанымдарын дәріптеп, оның анықтамасын, ұстанымдық тетіктерінің тек құқықтық негізде жүзеге асуын қадағалайтын мемлекеттің мейрамы болуы керек.
25 қазан – Республика күніне Ұлттық мереке деп статус берудің өзі бекер емес. Демек, әрбір отандасымыз айтулы мерекенің маңызын жан-тәнімен ұғынып, қуанышпен қарсы алуы керек.
Досай КЕНЖЕТАЙ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы, дінтанушы, философ