Respublica партиясы Құрылтайдағы тоғыз депутаттық мандатты иеленетін кандидаттардың тізімін бекітті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Партияның Орталық кеңесі мандаттарды бөлу кезінде тоғыз кандидаттың кезектілігін бекітіп, тиісті құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына жолдау туралы шешім қабылдаған.
Құрылтайда Respublica партиясының атынан Айдарбек Қожаназаров, Бекжан Айтқұлов, Мейрхат Қасымбаев, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Нұргүл Тау, Махамбет Хасенов және тағы бір кандидат өкілдік етеді.
Партияның мәліметінше, тоғыз мандаттың бесеуін VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары Құрылтайда жалғастырады, ал төрт кандидат депутат ретінде алғаш рет жұмыс істейді.
23 тамызда өткен Құрылтай сайлауында Respublica 509 631 дауыс жинап, 5,56% нәтижеге қол жеткізген. Нәтижесінде партияға Құрылтайдан тоғыз депутаттық мандат берілді.