Ресейліктер арзан көлік іздеп, Қазақстан нарығына бет бұруы мүмкін

Сағыныш Сардарова 30 қаз. 2025 12:19

Желтоқсаннан бастап Ресейде көліктерге салынатын утильалым мөлшері артады. Бұл шара автокәсіпті қолдау мақсатында енгізіліп отыр. Алайда сарапшылар мұндай қадам елде көлік қымбаттауына және тапшылық туындауына алып келетінін айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соның салдарынан ресейліктер арзан көлік іздеп, Қазақстан нарығына бет бұруы мүмкін. Себебі Қазақстанда салықтар мен алымдар әзірге төмен деңгейде қалып отыр.

Мамандардың болжамынша, егер көрші елден сұраныс күрт өссе, Қазақстанда да жаңа көліктердің бағасы көтерілуі ықтимал. Сонымен қатар, Үкімет отандық нарықты қорғау үшін утильалым мөлшерін қайта қарауы мүмкін.

Сарапшылар ресейлік өзгерістердің нақты әсері 2026 жылдың басында сезіледі деп болжап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар