Ресейдің қазағы: "Қазақтардың мемлекеті де, жазу-сызуы да болмаған"

Көркем Алдабергенова 26 мам. 2025 18:00

Желіде украиналық блогер мен Ресейдегі қазақ қызы арасындағы чат-рулеткадағы кезекті видеосы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Блогер Андрей Попик Самара қаласындағы этникалық қазақ қызымен болған әңгімесін жария етті. Бейнежазбада ол 20 минут бойы қазақ халқының ежелгі мемлекеті мен жазуы болғанын түсіндіруге тырысады: Қазақ хандығы бұрыннан бар, қалалары мен дамыған мәдениеті болған дейді. Алайда сұхбаттасушы әйел – мектеп мұғалімі болса да – өз пікірінен қайтпайды.

– Қазақтардың өз мемлекеті болмаған, біз – көшпелі халықпыз. Жазу да болмаған, басқа туралы айтпаса да болады! Егер Қазақ хандығы расында болған болса, онда сол кезде орыстар қайда жүрген? Орыстар жаулап алушы болды дейсіз бе? Ондай болса да, бәрібір – орыстар мықты халық, осы уақыт ішінде үлкен ел, қуатты мемлекет құра алды. Мен Ресейде тұрамын, осында туылдым – бұл менің Отаным. Бұл тілдің байлығы мен жазуын енді ғана біліп, шок болып отырмын, – деді әйел.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар