Ресейде өлтірілген екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілген

Сағыныш Сардарова 15 нау. 2024 09:41 2273

Ресейде екі қазақстандық теракт ұйымдастыруға әрекет еткені белгілі болған еді. Кейін екеуі де мерт болды. Ресейлік Telegram-арналар осы екі адамның есімі террористер мен экстремистер тізіміне енгізілгенін жазып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматы террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Кейінірек Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл адамдарда Қазақстандық азаматтығы барын және Ресейге шыққандығын растады.

Көрсетілген дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 

Ал "Бараева" телеграм-арнасының мәліметінше, Қазақстанның ҰҚК-і мен ресейлік ФСБ Ресейдің Калуга облысы аумағында Қазақстан азаматтарының лаңкестік әрекетін дайындағанын бірлесіп тергеп жатыр.

"Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымының "Вилаят Хорасан" тобының діни фанаттары бірқатар терактті ұйымдастыра алмай, қазақстандық және ресейлік тарапты қырылыстырып қойды. Бұл қылмыстың ұлты болмаған кездегі жағдай. Дәл осы көзі жойылған лаңкестер өз отандастарын да өлтіруі мүмкін еді.

Инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның елге келуі қарсаңында Қазақстанда қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында Қазақстанда да лаңкестік әрекеттердің кезекті сериясы болуы керек болған", - делінген телеграм арнада.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар