“Ресейде жүргендеймін”. Блогер жалға берілген Байқоңырдың бүгінгі бейнесін жариялады

Көркем Алдабергенова 31 қаз. 2024 14:47 2621

Қазақстандық блогер Айбар Төлеубек Байқоңырға барып, қаланың тұрмысымен танысты, - деп хабарлайды Dalanews.kz “Адырнаға” сілтеп.

«Байқоңырға келіп, өзімді Ресей жерінде тұрғандай сезіндім», - деп жазылған блогердің видеосында.

2 күн бұрын желіге жүктелген блог 900 мыңнан астам қаралым жинап, жұртты елеңдетті. Бейнеде көшелер мен ескерткіштерде тек орыс жазуларымен ақпарат берілгенін көруге болады.

Одан бөлек, блогер халықтың теңгенің орнына рубль қолданатынын көрсеткен. Қабырғаларда Қазақстан мен Ресей туы қатар ілінгенін де байқауға болады.

Айта кетейік, Байқоңыр кешені Қазақстан тарапынан Ресейге 1994 жылы жалға берілді, кейін келісім 2050 жылға дейін ұзартылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар