Freedom Inside '26

Ресейде болған жер сілкінісі еліміздің екі өңірінде сезілді

Ресейде болған жер сілкінісі еліміздің екі өңірінде сезілді
oxu.az

2025 жылдың 15 ақпанында Ресейде жер сілкінісі тіркелді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді, деп жазады Dalanews.kz.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша, жер сілкінісі бүгін Астана уақытымен сағат 06:48-де болған.

"Жер сілкінісінің ошағы Ресей территориясында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым қашықтықта орналасқан", делінген хабарламада.

Жер сілкінісі мынандай елдімекендерде сезілді:

  • 3 балл: Катон - Балқарағай ауылы, Марқакөл ауылы, Үлкен-Нарын ауылы, Алтай қаласы (Зырян), Боран ауылы,Зайсан, Күршім, Самар ауылы;
  • 2 балл: Риддер қаласы, Көкпекті, Ақсуат, Қалбатау, Бородулиха, Семей, Жоламан, Мақаншы, Үржар, Аягөз қаласы, Бесқарағай, Қарауыл.