Украина Ресеймен арадағы атысты 30 күнге тоқтату туралы келісімге келуге әзір. Алайда Ресей соғысты уақытша тоқтатуға келіспеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Украинаның басты шарты - бұған Мәскеудің келісуі болған. Киев мұны Сауд Арабиясының Джидда қаласында АҚШ-пен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеді.
Бірлескен мәлімдемеде Вашингтон Киевпен барлау мәліметтерін шұғыл қайта бөлісетінін және қауіпсіздік саласында қолдау көрсетінін айтты.
Бүгін Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеме жасады.
Ушаковтың айтуынша, Ресейге уақытша атысты тоқтату қажет емес. Оның сөзінше, уақытша бітім туралы ұсыныс – бұл украин әскері үшін тек уақытша үзіліс қана.
Сондай-ақ, Ушаков «бейбіт әрекетті имитациялайтын қадамдар ешкімге қажет емес» деп санайды. Бұдан бөлек, Ушаков Владимир Путиннің бүгін Украинада уақытша атысты тоқтату режиміне қатысты «нақтырақ және мазмұнды баға» беруі мүмкін екенін айтты.