Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың денелерін алмастырды

Көркем Алдабергенова 26 ақп. 2026 14:14

Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың денелерін алмастырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, Мәскеу Украинаға қаза тапқан 1000 украиналық әскери қызметкердің мәйітін тапсырған.

Ал Украина тарапы өз кезегінде Ресейге 35 ресейлік әскери қызметкердің денесін қайтарған.

Қазіргі сәтте Украина билігі бұл алмасуға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, еуропалық барлау қызметтері 2026 жылы Ресей мен Украина арасында бейбіт келісім болады дегенге сенбейді. Бұл туралы жоғары лауазымды барлаушыларға сілтеме жасаған Reuters жазды. 

Reuters-пен сөйлескен бес дереккөздің барлығы Ресей соғысты тез аяқтауға мүдделі емес деп есептейді. Олардың төртеуінің айтуынша, Мәскеу АҚШ-пен келіссөздерді санкцияларды алып тастау және іскерлік келісімдер жасау үшін пайдалануға тырысып отыр. Женевада өткен келіссөздерді дереккөздердің бірі «қойылымға ұқсас спектакль» деп атаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove