Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізуге 15 мамырда Ыстамбұлға барады

Сағыныш Сардарова 14 мам. 2025 10:41 374

Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізуге 15 мамырда Ыстамбұлға барады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Дегенмен делегация құрамы әзірге жарияланбады. Бұл туралы ресейлік басылымдар жазып жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Анкарада кездесу туралы келісім жасағанын айтқан еді. Егер Владимир Путин Түркия астанасына барудан бас тартып, Ыстамбұлды таңдаса, онда Зеленский мен Ердоған да сол жаққа баруға дайын екенін мәлімдеді.

"Біз Путинмен кездесу үшін барлығын жасаймыз. Атысты тоқтату туралы шешімді ол ғана қабылдай алады", – деді Украина басшысы.

БАҚ мәліметінше, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да қатысады. Бұл туралы Дональд Трамп Сауд Арабиясындағы инвестициялық форумда айтты. АҚШ президенті келіссөздерден "өте жақсы нәтижелер" күтетінін де жеткізген еді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар