Ресей Байқоңырдағы бірқатар нысанды Қазақстанға қайтарады

Dalanews 23 сәу. 2022 03:32 1006

Ресей Байқоңырдағы пайдаланбайтын бірқатар мүліктерді Қазақстанға қайтарып беретін болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz РИА Новостиға сілтеме жасап.

Орыстар бірінші кезекте бізге 90 жылдары ғарышқа ұшырылған «Экран-М» спутнигін қосалқы бөлшектерімен қайтарып бермекші.

Бұл жайындағы ақпарат бірінші кезекте Ресей үкіметінің ресми сайтында жарияланған болатын. Осы ретте Ресей билігі «Экран-М» спутнигінің бағасын символды түрде 1 рубльге бағалапты. Демек спутниктің әбден ескірген байқауға болады. Бұл – спутник 1987 жылы Сібір мен Қиыр Шығысқа телехабарларды тарату үшін КСРО ғарышқа ұшырылған болатын.

Ең маңыздысы бұған дейін Ресейдің ақпарат құралдары Байқоңырдағы 16 нысан Қазақстанға қайтарылатынын хабарлаған-ды. Біз үшін осы маңызды болуы мүмкін. Әзірше оның қандай нысандар екенін ашып айтқан жоқ.


Батыстың салған санкцияларының салдарынан көптеген қиындықтарға тап болып жатқаны белгілі. Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, Ресейдің ғарышты игеру ісіне үлкен тосқауыл қойылуы бек мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар