Ресей әуежайларында уақытша шектеу енгізілді. Елде үш әуежай жабылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Росавиацияның мәліметінше, Орынбор әуежайында ұшақтарды қабылдау және ұшыруға уақытша шектеулер қойылған.
Ведомство өкілдері бұл шаралар ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, осындай уақытша шектеулер Волгоград пен Калуга әуежайларында да енгізілген.
"Мұндағы басты мақсат – әуе қатынасы кезінде жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету", - деді Росавиация өкілдері.