Ресейдің Ішкі істер министрлігі алаяқтар жанармай талонын тиімді бағамен ұсынып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, Қырымдағы жанармай мәселесіне қатысты талқылаулардан кейін қаскөйлер мессенджерлерде арнайы арналар ашып, арзан бағамен жанармай талондарын сатуды ұсынған.
Алаяқтар адамдарды асықтырып, ұсыныс шектеулі екенін айтып, ақшаны тез арада аударуға көндіруге тырысады. Олар "үлгеріп қалыңыз", "талон таусылып жатыр" деген сияқты хабарламалар арқылы сенімге кіреді.