Ресей - Украина соғысы қысқа дейін аяқтала ма?

Ресей - Украина соғысы қысқа дейін аяқтала ма?
usp-ltd.org

Украина президенті Владимир Зеленский әскери қимылдарды қыс мезгіліне дейін тоқтату жөнінде тапсырма берген. Бұл туралы оның кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кирилл Будановтың айтуынша, Владимир Зеленскийдің басты мақсаты - әскери әрекеттерді мүмкіндігінше тезірек, яғни қыс басталғанға дейін тоқтату.

"Президент қойған міндетке қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын", - деді ол.

Сондай-ақ, кеңсе басшысы бұл мақсат дер кезінде қойылғанын, жан-жақты ойластырылғанын және оны жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

Оның сөзінше, жуырда америкалық делегация Киев пен Мәскеуге сапар жасауы мүмкін.

Айта кетейік, Ресей мен Украина соғысы 2022 жылы 24 ақпанда басталған еді.