Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа терроризмге жәрдемдесу бабымен айып тағылып, оның халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
ФСБ мәліметінше, Telegram әкімшілігі ресейлік арнайы қызметтердің нұсқасы бойынша террорлық әрекеттер мен басқа да қылмыстарды ұйымдастыру үшін пайдаланылған арналарды, чаттарды және боттарды жоймаған, деп жазады РИА Новости.
Сонымен қатар, ведомствоның мәлімдеуінше, «Дайвинчик» танысу сервисі арқылы Украина арнайы қызметтері жастарды түрлі қылмыстар жасауға тартқан.
Әзірге Павел Дуров немесе Telegram компаниясы ФСБ-ның бұл мәлімдемесіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.