Ректор есеп берді

Dalanews 19 қыр. 2019 03:04 986

2019 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.

 

Іс-шараға мәслихат депутаттары, Алматы жұртшылығының өкілдері, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, ЖОО ректорлары, қаланың басқа да оқу орындарының басшылары, Алматы қаласы мен Медеу ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, университеттің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар студенттердің ата-аналары қатысты.

Ректор өз баяндамасында 2018/2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Университеттің оқу, ғылыми-инновациялық, қаржы-шаруашылық, әлеуметтік, тәрбиелік қызметіне жан-жақты талдау жасады, жетістіктерді атап өтті және университеттің жаңа оқу жылына және болашаққа арналған стратегиялық мақсаттары мен бағыттарына тоқталды.

Сонымен бірге, Такир Балықбаев Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жыл сайын әлемдік және республикалық рейтингтердегі позициясын жақсартып келе жатқанын атап өтті.

Есеп беру кезеңінде орын алған айтулы шара- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылғанына 90 жыл толуына бес мыңға жуық адам, оның ішінде 119 шетелдік қонақтар - 23 елдің серіктес университеттерінің ректорлары мен оқытушылары, АҚШ, Италия, Франция, Австрия, Венгрия, Польша, Ресей, Беларусь, Армения ғалымдары, Қырғызстан және т.б., сондай-ақ Қазақстан Республикасының 69 жоғары оқу орындарының басшылары мен еліміздің ғылыми-педагогикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Биыл студенттер саны 10 460 адамды құрады. Студенттер санын кем дегенде 10 000-ға жеткізу 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспардың негізгі мақсаты болатын, бұл мақсат мерзімінен бұрын жүзеге асырылды. Университет студенттерінің сандық құрамымен қатар сапалық құрамы да жыл сайын артып келеді. Сонымен, биыл 316 «Алтын белгі» иегерлері, орта мектепті үздік бітірген 182 үміткер, колледждің 47 үздік студенті біздің студенттеріміздің қатарына қосылды.

Еңбек нарығындағы түлектерге деген сұраныс және жұмыс берушілердің жас мамандарды кәсіби даярлау сапасына қанағаттануы да қазіргі таңда жоғары деңгейде. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ «Mansap» мобильді қосымшасын іске қосты, бұл университет түлектерінің жұмыс іздеуі мен жұмысқа орналасуын едәуір жеңілдетуде.

Заманауи университет қызметінің маңызды бағыты – жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын қалыптастыру. Осы орайда, университетімізге шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының профессорлары шақыртылды, 2018/2019 оқу жылында жоғары көрсеткіштер рейтингінің нәтижелері бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 71 оқытушысы қосымша жалақы төлемдерін алды.

Баяндама барысында оқытушылар мен студенттердің жетістіктері мен марапаттары туралы айтылды. Оқытушылардың біліктілігін арттыру университет тарапынан ұйымдастырылған семинарларда, Қысқы және Жазғы мектептерде, ағылшын тілін жетілдіру курстарында жүзеге асырылады. Мұғалімдердің білімі мен педагогикалық ғылымдар саласындағы білім беру және ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыру, республиканың оқу орындарының ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық әлеуетін үйлестіру, қолдау және дамыту бойынша жұмыстар аталып өтілді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу-тәрбие жұмысының өзегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болып отыр. Оның аясында, студенттердің өзін-өзі басқаруын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту және студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру, студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілуде. Және студенттік әкімшілік, «SmartStudents» коворкинг орталығы, «Саналы ұрпақ» клубы, «ЖасStar» музыкалық студиясы және О. Досбосынов атындағы Жас ақындар орталығы құрылып, ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Ашықтық пен қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында университет ректоры азаматтарды барлық мәселелер бойынша тұрақты түрде қабылдап отырады, жеке өзінің блогы мен поштасына түскен өтініштерді қарайды, «Openspace» форматында және әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары арқылы байланыс жүргізеді. Барлық өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданады, олардың орындалуын бақылау қамтамасыз етіледі. Такир Балықбаев өзі және университет басшыларының қоғаммен байланыстың барлық түрлерін күшейтетінін атап өтті.

Жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Университет цифрландыру тұжырымдамасын және соған сәйкес цифрландырудың Жол картасын әзірледі, жан-жақты қайта құру процесі және университет қызметінің барлық бағыттарының тиімділігі цифрлық инфрақұрылымды дамыту және сандық технологиялар мен ресурстарды кеңінен қолдану арқылы сәтті жүзеге асырылуда.

Студенттердің өміріне жоғары этикалық нормаларды енгізу бойынша жұмыс кеңеюде. «Университет жемқорлықтан тыс» жобасы құқық бұзушылыққа ғана емес, сонымен қатар алаяқтық пен академиялық адалдық нормаларын бұзудың кез-келген түріне, соның емтихан кезіндегі тәртіптің сақталмауында «нөлдік төзімділікті» нығайтады.

Жоғарыда аталған барлық бағыттар мен сапалы білім алу, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау жөніндегі шаралар мемлекеттің саясатына сәйкес Білім және ғылым министрлігінің бастамаларын қолдау болып табылады.

 

Римма Жанбаева

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар