Референдумға қатысқан полиция қызметкерлерінің үлгісі: отбасы құндылығы мен азаматтық парыз

Жарбол Кентұлы 06 қаз. 2024 20:02 1902

Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі полиция қызметкерлері еліміздің саяси өміріне белсенді қатысуда. Жақында өткен республикалық референдумда бірқатар полиция қызметкерлері өз азаматтық парызын орындап, дауыс берді. Бұл тек олардың қызметтік міндеттерін орындаумен ғана шектелмей, отбасы құндылықтарын сақтай отырып, белсенді азамат болуды көрсетеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы: Ерлі-зайыпты Мадияр мен Бекзат Байсеркеновтер Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық полиция басқармасында жұмыс істейді. Мадияр учаскелік инспектор болып қызмет етсе, оның жұбайы Бекзат ювеналды полиция бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. Күнделікті қызметтік тығыздыққа қарамастан, ерлі-зайыптылар ұлдары Алдияр және Аланмен бірге дауыс беру учаскесіне уақыт тауып келді. Бұл отбасы тек өздерінің азаматтық міндеттерін орындап қана қоймай, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетіп отыр.

Түркістан облысы: Түркістанда 12 ерлі-зайыпты полицей отбасымен бірге референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Polisia.kz мәліметінше, бұл полицейлер қызметте жүріп көңіл қосып, теңдерін тапқан. Қызметте бірге болу және отбасымен бірдей маңызды мәселелерде шешім қабылдау олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндеттерін көрсетеді. Полиция қызметкерлері референдум барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау міндеттерін де атқарып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Маңғыстау облысы: Маңғыстау облысында да полиция департаментінде қызмет атқаратын егіз ағайынды полицейлер – Ақәділ және Нұрәділ Сейітхасандар референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Ақәділдің жұбайы Алима Несіпбай да дауыс берушілер қатарында болды. Егіз ағайындар ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді және олар бала кезден полиция қызметкері болуды армандаған.

Бұл оқиғалардан полиция қызметкерлерінің тек өз қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, қоғамдағы маңызды саяси іс-шараларға да белсенді қатысатынын байқауға болады. Олардың отбасы құндылықтарын сақтауы мен азаматтық белсенділігі барша қазақстандықтарға үлгі болары сөзсіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар