Қазақстанда сағат 20:00-де барлық дауыс беру учаскесі жабылды. Енді комиссиялар бюллетеньдерді санауға кіріседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
15 наурызда сағат 07:00-де елдің барлық өңірінде дауыс беруге арналған 10 388 учаске ашылды. Учаскелер 13 сағат жұмыс істеп, кешкі 20:00-де жабылды.
Енді учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кіріседі. Одан кейін бюллетеньдер жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссияларына жіберіледі. Кейін олар Орталық референдум комиссиясына жолданады.
Референдумның қорытындысы 2026 жылғы 21 наурызға дейін жарияланады.