Freedom Inside '26

Қызылордада монополист компания негізсіз табыс тапқан

Қызылордада монополист компания негізсіз табыс тапқан
pixabay.com

«Пикет ЛТД» ЖШС 2025 жылы көрсеткен қызметі бойынша негізсіз табыс тапқаны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген талдау барысында компанияның тарифтік сметаны толық орындамағаны белгілі болды.

Атап айтқанда, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуіне арналған кірме жол қызметін көрсету кезінде «Пикет ЛТД» 417,16 мың теңге көлемінде негізсіз табыс алған.

Осыған байланысты департамент уақытша өтемдік тарифті бекітті. 2026 жылғы 1 тамыздан 2027 жылғы 31 шілдеге дейін компанияның аталған қызметі үшін тариф 1 вагон/шақырымға 952,04 теңге (ҚҚС-сыз) көлемінде белгіленеді.

Жаңа тариф қолданыстағы мөлшерден 1,19 пайызға төмен болады.