“Қыз Жібек” камзолы төңірегіндегі дау: министрлік мәлімдеме жасады

“Қыз Жібек” камзолы төңірегіндегі дау: министрлік мәлімдеме жасады
Фото: Azattyq Rýhy коллажы

“Қыз Жібек” фильміндегі тарихи камзолға қатысты даудан кейін елімізде кинода қолданылған көне костюмдер мен реквизиттерге бақылау күшейтілмек. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Вице-министрдің айтуынша, фильмде пайдаланылған тарихи киім алдағы уақытта Қазақфильм музейіне ресми түрде табысталады. Осыған байланысты ведомство халық әртісі Меруерт Өтекешевамен келіссөз жүргізген.

Актриса тарихи мұраны мемлекетке тапсыруға келісім берген. Алайда музейге тек камзол ғана емес, костюмнің толық түпнұсқа жиынтығы өткізілмек.

Осы оқиғадан кейін министрлік қазақстандық кинематографияда қолданылған барлық тарихи костюмдер мен реквизиттерді цифрландыру жұмыстарын бастаған. Енді олар бірыңғай электронды базаға енгізіледі. Министрлік мұндай қадам болашақта тарихи жәдігерлердің жоғалуына немесе жеке қолда кетуіне жол бермеу үшін қажет екенін айтады.