«Қиярын теріп алып, картоп еккен». Екі рет өнім алу жобасы сәтті жүзеге асуда

Dalanews 26 шіл. 2021 15:58 739

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобасы сәтті іске асырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Төлеби ауданы, Зертас ауылдық округіндегі шаруалар екінші өнімін жинауды бастады. “Қалыбек” шаруа қожалығы  ерте көктемде еккен қиярын теріп алып, екінші өнімге картоп еккен. Қожалықтың жалпы жер көлемі 2,6 га. Шаруа жиған қиярын сауда орындарына өткізіп, екінші өнімге еккен картопты күтіп – баптауға кіріскен.

Сонымен қатар, Зертас ауылдық округіндегі ЖК «Мамырбекова А» сүт және мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қожалық 36 бас сауынды сиырдан тәулігіне 380 литр сүт алып, оны «Сайрам сүт» ЖШС-не өткізеді. Бүгінде 5 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар