Қытайда кісі өлімімен аяқталған төбелестен кейін қазақстандық азамат ұсталды

Қытайда кісі өлімімен аяқталған төбелестен кейін қазақстандық азамат ұсталды
"Криминальный Казахстан" арнасынан

Қытайда 30 жастағы Махмутхан Шерназаров есімді Қазақстан азаматы ұсталған. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алайда, туыстарының айтуынша, бейнежазбада ер адамға бір топ адам шабуыл жасағаны көрінеді. Олардың сөзінше, Махмутхан тек өзін қорғауға әрекет еткен. Оқиға салдарынан Қытай азаматы көз жұмған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растаған. Ведомство мәліметінше, істің мән-жайын анықтау үшін Қытайдың тиісті органдарына сауал жолданған.

Махмутхан Шерназаровтың жақындары тергеу әділ әрі жан-жақты жүргізілуін сұрап отыр. Олар ер адамның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатында жасалғанын алға тартады.

Туыстарының айтуынша, ол Қытайға отбасын асырау үшін жұмыс істеуге барған.