Ресей президенті Владимир Путин Қытайға сапары барысында Мәскеу мен Бейжің арасында шамамен 40 бірлескен құжатқа қол қойылғанын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол бұл туралы Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде өткен құжаттарға қол қою рәсімінде мәлімдеді. Путиннің сөзінше, тараптар ведомствоаралық, үкіметаралық және корпоративтік деңгейдегі ауқымды құжаттар пакетін қабылдаған.
«Ведомствоаралық, үкіметаралық және корпоративтік құжаттардың ауқымды пакеті жасалды. Жалпы саны шамамен 40 құжат. Оның бір бөлігі дәл осы жерде қол қойылды», – деді Ресей президенті.
Ресей басшысы Мәскеу мен Бейжіңнің бір-бірі үшін маңызды сауда серіктестері екенін де атап өтті. Бұған дейін, 18 мамыр күні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков 19-20 маусымда өтетін Қытайға ресми сапар барысында шамамен 40 екіжақты құжатқа қол қойылатынын хабарлаған еді.
Владимир Путин Бейжіңге 19 мамыр кешінде барған. Ресей президентінің сапары мемлекетаралық байланыстардың негізін қалаған тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімнің 25 жылдығына орайластырылған.