Қырғызстанда су қоймасы маңынан басы жоқ ер адамның мәйіті табылды

Қырғызстанда су қоймасы маңынан басы жоқ ер адамның мәйіті табылды
Полиция. Көрнекі фото: shutterstock.com

Қырғызстанның Ош облысына қарасты Өзген ауданында Кемпір-Абат су қоймасының жағасынан басы жоқ белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы жағдайды қазір жергілікті құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Оқиға орнын қарау кезінде марқұмның басы денесінен шамамен 600 метр жерден табылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мәйіттің күн сәулесі түскен бөліктерінде түс өзгерістері байқалған.

Қазіргі уақытта полиция қаза тапқан ер адамның жеке басын анықтап, ықтимал куәгерлерден жауап алып жатыр.

"Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр", – делінген ресми хабарламада.