Қырғызстанда «Арашан» қой тұқымына арналған фестивальде бір қошқар рекордтық бағаға – 1 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сатып алушы бұл соманы асыл тұқымды қошқар үшін төлеген. Ол – әйгілі Франкель есімді қошқардың төлі.
Айта кетейік, Франкельдің өзі 2023 жылы Қазақстанға 150 мың долларға сатылған болатын.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, «Арашан» қой тұқымы Қырғызстанда 2021 жылы ресми түрде тіркелген. Бұл тұқым гиссар қойы мен қырғыздың қылшық жүнді қойын будандастыру арқылы шығарылған.
Мамандардың пікірінше, «Арашан» тұқымы еттілігімен, тез салмақ қосуымен және жергілікті климатқа бейімділігімен ерекшеленеді.