Қазіргі заман аграрлық қызметкерлер алдына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ауқымды міндеттер қойып отыр, бұл жыл сайын өндіріс көлемін арттыруды талап етеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл өз кезегінде бүгінде ашық алаңдарда жиналып, дамуды тежейтін факторға және елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауына себеп болатын қалдықтардың көбеюіне әкеледі.
Әсіресе көң мен қидағы кездесетін Salmonella және Listeriaсияқты зиянды бактериялардың болуына ерекше назар аудару қажет. Құрғақ климат жағдайында бұл бактериялар топырақта бес жылға дейін сақталып, адам ағзасына түскен жағдайда ауыр ауруларға, тіпті өлімге дейін алып келуі мүмкін. Жұқпалардың топыраққа таралуына және азық-түлікке түсуіне тиімді тосқауыл болып ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының органикалық қалдықтарын, мысалы, биогаз станцияларындағыдай жабық түрде қайта өңдеу технологияларын қолдану болып табылады.
Иістің болмауын айрықша атап өткен жөн. Ауылдық жерлердегі жағымсыз иістің негізгі көзі – көң мен қи сақтайтын орындар. Ауаға қолжетімділік бар жағдайда құс пен мал шаруашылығы қалдықтары баяу шіріп, кейін егістік алқаптарға шығарылады. Дәл осы үдеріс жергілікті тұрғындарды, әсіресе жаз мезгілінде, аптап ыстықта, үдеріске айналаға жұқпаны тарататын шыбындар мен жәндіктер қосылған кезде, қатты мазалайтын жағымсыз иістің пайда болуына себеп болады.
Биогаз станцияларында органикалық қалдықтар бірденгерметикалық биореакторларға айдалады.
Үдеріс ауа кіре алмайтын, толық жабық режимде өтеді. Барлық зиянды заттар биореактор ішінде өңделіп, атмосфераға зиянды шығарындылар мүлде шығарылмайды.
Дамыған елдердің (Еуропа, АҚШ, Қытай, Түркия және т.б.) саясаты экологияның жай-күйіне, топырақ пен ауаның сапасына айрықша көңіл бөледі. Биогаз саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бұл бағытқа инвестициялардың белсенді тартылуына ықпал етіп, азаматтардың өмір сүру деңгейінің артуына оң әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасы биогаз саласын дамытуға арналған ынталандыру шараларын салыстырмалы түрде жақында енгізді, бұл келесідей пайда әкеледі:
Қазақстанда мұның барлығы қазірдің өзінде Қарағанды облысында жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Құрма құс фабрикасы құс қиын қайта өңдеуге арналған биогаз станциясын іске қосты. Бұл жергілікті тұрғындар үшін көптен бері мазалаған жағымсыз иістер мәселесін шешті, ал құс фабрикасы үшін өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорынның даму қарқынын арттыратын тиімді құралға айналды. Қидан алынатын биотыңайтқыштар шығарылатын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фабриканың өз егістік алқаптарында құсқа арналған экологиялық таза жем-шөп өсіру үшін қолданылады.
Алынған биогаз электр энергиясына айналдырылып, мемлекет қаражаттандыратын тариф бойынша желіге беріледі. Электр желілері арқылы бұл «жасыл энергия» елдің әрбір үйіне дейін жетеді.
Өңірлер үшін биогаз саласын дамыту дербестікке, тазалыққа және тұтас облыстар үшін жаңа мүмкіндіктергебастайтын жол болады, әрбір жергілікті тұрғын үшін бұлмемлекеттің қатаң бақылауындағы заманауи қайта өңдеузауытының өз өңірінде орналасуы дегенді білдіреді.
