Белгілі заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көптен күткен жобаның басталғанын хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Ол өз жазбасында халықтың мұң-мұқтажын көтеретін, қиындыққа тап болған жандарға қолдау көрсетуді мақсат ететін бағдарламаның тұсауы кесілгенін айтты.
"Ал қазақ елі, құтты болсын! Көптен күткендеріңіз Алланың қалауымен сіздерге жол тартты. Халықтың мұң мұқтажын жоқтайтын, сүрінгенге сүйеу, жылағанға демеу, өздеріңіздің көптен күткен бағдарламаларыңыздың тұсауын кестік. Бұл ретте халық үшін ішкен асын жерге қойып, сөзіне берік, достыққа адал болып жүрген текті қазақ Руслан Өтепбай бауырыма және оның күні-түні ұйықтамай жұмыс жасайтын командасына сәттілік тілеп қоялық!" – деп жазды Мейірман Шекеев.