Ақтауда ұшақтың апатқа ұшырауының себептерінің бірі айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ВЧК-ОГПУ телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, бастапқыда ұшақта ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қолданылатын "глушилка" қосылған. Лайнер қону үшін төмен түсе бастағанда ұшақтағы GPS жұмыс істемей қалған. Ұшқыш мұндай жағдайда қона алмайтынын түсініп, Бакуге ұшып кетпек болған көрінеді.
Осылайша ұшқыш ұшақты кері бұрмақ болған кезде жарылыстың даусын естіген, бұл бортқа шабуыл жасалған деген сөз болуы мүмкін.
Сонымен қатар, диалогтағы ақпараттарға сәйкес, экипаж GPS істемей қалғанын бірнеше рет хабарлаған. Ал бұл уақытта ұшақты әуежайда күтіп тұрған, қону жолағының шамдары да жанған. Алайда ұшақ төмендеген сайын дрондарға қарсы қолданылған "глушилка" әсерінен ақаулар пайда болған.
Сағат 07:53 және 07:55-те жүйелер толықтай істен шыққан. Экипаж аймақтық навигацияны (ұшақты басқару әдісі) қолдана алмайтынын және басқа ешқандай мүмкіндік жоқ екенін хабарлаған. Сол кезде диспетчер де "радар байланысын" жоғалтып, ұшақты қондыру мүмкін болмаған.
Осылайша, ұшақты Грозный әуежайында ешкім басқа жаққа бұрмаған, оған ауа райының да қатысы жоқ. Ұшақты 07:36-дан бастап (Грозный диспетчерімен алғашқы байланыс) қондыруға тырысқан. Байланыс жиі үзіліп, байланыс кезінде кедергілер болған, ал экипаж деректерді, оның ішінде ұшақтың биіктігін анықтауға тырысып, қонуға кіріскен", - делінген телеграмдағы жазбада.
Қонуға соңғы әрекет 08:10-нан 08:11.50-ге дейін жасалған. Бірақ 26-жолаққа қонудың орнына экипаж "Баку бағытына ұшып барамыз" деп хабарлаған.
"08:12-де экипаж екі GPS датчигінің де сигналы жоғалғанын және диспетчерден ұшуды ұйымдастыруды сұраған, диспетчер келесі бірнеше минут айтқанын орындаған. 08:16-да экипаж дабыл қаққандай болып ақпаратты хабарлаған: "Бізде басқару істен шықты, кабинаға құс соғылды. Кабинаға құстар соғылды (анық естілмейді)" деген. Ұшқыш бірнеше рет осы сөздерді қайталаған, құстар көп екенін атап өткен.
Сол сәтте ұшақтың жанында жарылыс болған, экипаж құстарға соғылдық деп ойлаған болуы мүмкін. Кейін диспетчер қандай да бір көмек қажет пе деп сұраған, ал экипаж алдымен "Минводы" әуежайындағы ауа райы туралы ақпарат сұраған және көмек қажет екенін растаған. Осыдан кейін диспетчерде де қорқа бастаған – ол бірнеше рет эфирде: "16-шы минутта" деп қайталап, біреумен сөйлесіп, құстармен "соқтығыс" туралы хабарламаның уақытын басқа оқиғалармен салыстырып тұрғандай көрінген", - делінген хабарламада.
ВЧК-ОГПУ деректеріне сәйкес, сол соққы Наур ауданының үстінде болған. Бұл жерде бірден бірнеше әскери бөлім орналасқан, оның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері де бар.
08:18-де экипаж ұшақтың басқаруға келмейтінін диспетчерге хабарлаған.
Кейін экипаж Махачкала әуежайының деректерін сұраған және "гидравликаның" да істен шыққанын бірнеше рет хабарлаған.