Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты

Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты
Ашық дереккөз.

Құрылтай отырысында Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босату туралы мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қызметінен босатылған судьялар қатарында Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин, Мәдениет Омарбекова, Сәкен Абдолла және Аслан Түкиев бар.

Мәселелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 10) тармақшасына сәйкес қаралды.

Құрылтайдың ресми мәліметіне сәйкес, аталған судьялардың өкілеттігін тоқтату туралы шешім бүгінгі отырыста қабылданды.