Құрылтай сайлауы: «Әділет» тізіміне 19 мәжілісмен енді

Құрылтай сайлауы: «Әділет» тізіміне 19 мәжілісмен енді
Aikyn.kz

«Әділет» партиясының Құрылтай депутаттығына ұсынған партиялық тізіміне 19 Мәжіліс депутаты енді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партиялық тізімде Константин Авершин, Тілектес Адамбеков, Асхат Аймағамбетов, Мұрат Әбенов, Жанарбек Әшімжанов, Марат Бәшімов, Снежанна Имашева, Дәулет Кәрібек, Юлия Кучинская, Арман Қалықов, Сергей Пономарев, Максим Рожин, Татьяна Савельева, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Екатерина Смышляева, Жұлдыз Сүлейменова, Унзила Шапақ және Никита Шаталов бар.

Осылайша, партия қазіргі Мәжілісте жұмыс істеп жүрген депутаттардың елеулі бөлігін өз қатарына жинады.

Айта кетейік, партиялық тізімге қазіргі Мәжілістегі бірқатар танымал депутаттар енгізілген жоқ. Атап айтқанда, Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек, Айдос Құспан, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбай «Әділет» атынан Құрылтай сайлауына ұсынылмады. Бұл туралы сұраққа жауап берген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жаңа партияның басты мақсаты жаңа саяси буынды қалыптастыру екенін айтты.