Freedom Inside '26

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны қалай өтеді?

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны қалай өтеді?
ЖИ: Dalanews.kz

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы Құрылтай депутаттарын сайлау науқанының негізгі кезеңдерін жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сайлау күнтізбесіне сәйкес, 1 шілдеде сайлау тағайындалды. 2–13 шілде аралығында (сағат 18:00-ге дейін) партиялық тізімдерді ұсыну кезеңі өтеді. Ал 23 шілде сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркеу аяқталады.

Сонымен қатар 11 шілдеге дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен олардың орналасқан жері жариялануы тиіс. 16 шілдеге дейін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекарасы және олардың мекенжайлары туралы ақпарат көпшілікке ұсынылады.

23 шілде сағат 18:01-ден 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 2 тамызда сайлаушылар тізімі өзектендіріліп, учаскелік сайлау комиссияларына беріледі. Ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін тексере алады.

22 тамыз – үнсіздік күні. Бұл күні кез келген сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынады. Ал 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтеді.