Құрылтай депутаттарының жалақысы 1 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева жаңа Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша екенін айтты. Құрылтайдағы брифинг барысында журналистер депутаттардың жалақысы туралы сұрады.
Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттардың жалақысы еңбек өтіліне байланысты. Қазір депутаттар айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жалақы алады.
"Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін. Депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 миллион теңгеге жетеді", - деді Дания Еспаева.