Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты. Әкімнің айтуынша, әлі бірнеше ауылда кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салыну үстінде.
– Қазіргі уақытта Сафон, Ақкөл ауылдарының кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салынуда. Бұл жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде Нұржау ауылының кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының аяқталу мерзімі – 2021 жыл, – деді Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев.