Құрбан айт мерекесін атап өту аясында 7-8 маусым күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да көптеген тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 7 және 8 маусым күндері таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында («Рио-де-Жанейро» ТК қарсы бетінде) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.
Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайлылығы үшін маңайдан №2, 32, 49, 50 және 73 бағытындағы автобустар өтеді, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы қатынасты қамтамасыз етеді.